"Құрылыс және тағы да құрылыс" – Мемлекет басшысы отаншылдық ұранды атады

"Құрылыс және тағы да құрылыс" – Мемлекет басшысы отаншылдық ұранды атады , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 14:54 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасының маңызына тоқталып, оны келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алынған жалпыұлттық міндет деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, "Халықтық құрылыс" жобасы халықтың игілігін көздеп, азаматтарды жасампаз іске жұмылдырады.

"Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – "Құрылыс және тағы да құрылыс!"", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр кезеңде құрылыс жұмыстарын жүргізу елдің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең дұрыс жолы екеніне сенімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: