Тұтас қоғамның игілігі үшін іске асатын тарихи құрылыс – Президент "Халықтық құрылыс" науқанының маңызын атады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:40 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында 2027 жылы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында елде қандай нысандар салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, ауқымды құрылыс барлық өңірде мыңдаған жұмыс орнын ашып, отандық кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер береді.

"Баршаңызға мәлім, қазір еліміздің алдында маңызды міндеттер тұр. Бәріміз бір ел болып "Халықтық құрылыс" бағдарламасын іске асыратын болдық. 2027 жыл "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы" болмақ. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бағдарлама әлеуметтік нысандармен қатар өндіріс орындары мен көлік инфрақұрылымын да қамтитынын атап өтті.

"Еліміз бойынша әртүрлі әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар, емханалар, оңалту орталықтары, спорт инфрақұрылымы және басқа да ғимараттар, өндіріс орындары, жолдар, вокзалдар, әуежайлар салынады. Барлық өңірде мыңдаған жұмыс орны ашылады. Отандық кәсіпкерлерге мол мүмкіндіктер беріледі. Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихында мұндай ауқымды жоба бұрын-соңды болған емес", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның ел үшін маңызына да тоқталды.

"Халықтық құрылыс" – мазмұны кең, мән-мағынасы терең нағыз халықтық жоба. Біз ел игілігіне қызмет ететін нысандар салып, тұтас мемлекетіміздің келбетін жаңартамыз, бүкіл ұлтымыздың сана-сезіміне серпін береміз", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: