21 қарашада елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 21 қараша, сенбіге арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
"Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс пен оңтүстікте жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнайды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript