Интернетте iPhone сатамын деп төрт адамды алдаған ер адам сотталды
Сурет: unsplash
Шығыс Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғыны интернет арқылы жоқ iPhone телефондарын сатпақ болып, төрт адамды алдаған. Бұл туралы 2026 жылғы 26 қарашада Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайд Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам жарнама сайттарына гаджеттерді сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушылардан алдын ала төлем алған.
Алайда ол тауарды жіберуді ойламаған. Ақшаны алған соң, клиенттердің телефон нөмірлерін бұғаттап, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
"Қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Жалпы шығын көлемі 1 млн 50 мың теңгені құрады", – делінген прокуратура хабарламасында.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа күдіктінің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақ ұсынды. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленушілердің келтірілген шығынды өтеу туралы азаматтық талаптарын толық қанағаттандырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript