Алматы мен Алматы облысында өзендер тасып, кей аумақтарды су басуы мүмкін

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 13:58 Фото: unsplash
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына мол жауын-шашын салдарынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, кей аумақтарды су басуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, 2026 жылғы 27–29 қараша аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласының осы аудандарға іргелес аумақтарында қатты жаңбыр мен қалың қар жауады. Жауын-шашын салдарынан тау беткейлерінен су ағып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Мұндай жағдайда өзендер арнасынан асып, жекелеген аумақтарды су басуы ықтимал.

"Өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден асса, өзен жайылмаларында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", – деп ескертті "Қазселденқорғау" мамандары.

2026 жылғы 26 қарашада Алматы әкімдігі қаланың қолайсыз ауа райына дайындалып жатқанын хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, қалада жаңбыр 27 қарашада кешке қарай ғана басылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: