Астанада бір тәулікте 100-ден астам жол апаты болды
Фото: Zakon.kz
Астана полиция департаменті көктайғақ пен қар басқан жолдарға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жолда барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 27 қараша күні таңертеңнен бастап елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Осыған байланысты Астана полициясы жүргізушілерге аса мұқият болуды, белгіленген жылдамдықты сақтауды және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстауды ескертті.
"Қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларына жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендетіп, күрт маневр жасаудан аулақ болуға кеңес береміз", – деп ескертті полиция өкілдері.
Полиция жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керегін атап өтті. Жолдан өтер кезде барлық көліктің толық тоқтағанына көз жеткізу қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript