Таразда жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізуші ұсталды
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында бейнебақылау камералары жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады. Ол көлігінің алдыңғы әйнектерін күңгірттеп, қауіпсіздік белдігін тақпай жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы заң бұзған жүргізушіні анықтады. Көлік Жамбыл даңғылында тоқтатылды.
Тексеру кезінде жүргізушінің алдыңғы әйнектері күңгірттелген автокөлікті басқарғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Бұған қоса, көлік міндетті техникалық байқаудан өтпеген.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлігі мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript