Танымал тұлғалардың балалары қазақша неге білмейді?
Елімізге белгілі ақын, жазушы тіпті дәстүрлі әншілердің балалары қазақша білмейтін болып шықты. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Қорқыттың" әнімен танылған Гүлнұр Оразымбетованың ұлы Сырым қазақша білмейтін болып шықты. Ол "Ел аузында" бағдарламасында қазақша сұраққа, орыс тілінде жауап берген еді.
Қара сөздің майын ішкен Айнұр Тұрсынбаеваның балалары да қазақша білмейді. "Бенефис шоу" бағдарламасына қатысқан Тұрсынбаеваның балалары қазақша екі сөздің басын құрай алмай отырғанын көре аласыздар.
Тамара Асар, Қыдырәлі мен Қарақаттың балалары да қазақтың тілінен көрі, орыс тіліне жақын оны жұлдызды балалардың инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшаларынан-ақ байқауға болады.
Нағыз қазақ тілді, дәстүрді берік ұстаған оңтүстіктің жұлдызы Жұлдызай Дүйсенбиева да "Айта берсін" бағдарламасында қызының орыс тілді екенін айтып мақтанған еді.
"Неге екенін білмеймін, қызымның тілі орысша шықты. Түстердің барлығын ағылшынша айтады. Қазақша “қызыл сөмкеде жатыр” десең түсінбейді. "Red" сөмке деп айтатын болдық. “Мама, не оставляй меня. Вчера тебя не было, я упала" дейді." - деп актриса ағынан жарылған еді.
Актер Азамат Сатыбалды мен актриса Назым Қарабалинаның да жалғыз ұлы орыс тілді екенін көпшілікке белгілі.
Қара сөздің майын ішкен ақындардың балалары, тек қана қазақ тілде ән салатын жұлдыздардың балалары орысша сөйлесе қазақ тілі қайда қалады?!