Жаңалықтар тізбегі
0

"Давай дейді...". "Кел, келінім" бағдарламасын жүргізуші Гүлбаушан ашық кетті

видеодан алынды видеодан алынды
Сұқбаты арасында актриса жарнама кезінде өздерінің қалай сергіп алатындарын да көрсетті. Барабанды сабалаған Гүлбаушан Телібекова биді де жібереді екен. Актриса еркін адам болуды қалайтынын, жастардың да еркіндігіне қол сұғуға болмайтынын осылай білдіріп қалды.

Атышулы "Кел, келінім" бағдарламасының жүргізушісі әрі сарапшысы болған Гүлбаушан Тілеубекова өзіне тағылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елге танымал актриса Oybay Show бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Айта кетсек, КТК телеарнасынан 3 сағат бойына тікелей эфирден берілетін "Кел, келінім" бағдарламасы қоғам тарапынан үлкен қарсылыққа ұшыраған. Өйткені көпшілік бұл бағдарламаны аты затына сай емес, керісінше ол жынойнаққа келетін "Дом-2" ресейлік бағдарламасына көбірек ұқсайды деп санайды. Алайда бұл пікірмен осы бағдарламаны жүргізіп, арасында сарапшы болған актриса Гүлбаушан Тілеубекова келіспейді.

"Өнерде жүрген соң барлық саланы көруіміз керек. Сол үшін де мен бұл бағдарламаның арасында тізгінін ұстадым. Әрине, халыққа жағу өте қиын. Мен "Тамашада" жүргенде кейбір рөлдерімді сынап-мінеп тастайтын. Енді оның жанында бұл бағдарлама не тәйірі? Сондықтан бұл ретте сынды дұрыс қабылдаған жөн деп ойлаймын...

Негізінен, "Кел, келінімге" қатысатын қыз-жігіттер, бұл бүгінгі заманның ешқандай қиыншылық көрмеген балалары, таза образы да, түр-сықпыты да осы. Біз қаласақ та, қаламасақ та. Біздің кезде секс туралы айтпақ-түгілі, бір жігіт қыздың қолын ұстаса бетімізді басатынбыз, өзіміз дір ете түсетінбіз. Жігіттің бетіне тікке қарамағанбыз. Ал қазір олай емес. Бір сөйлесті ме, сол жетіп жатыр, бірден "давай" дейді. Шыны сол. Барлығы бірдей сондай деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ арасында сондайлар бар. Қазіргі кездегі жастар емін-еркін, бәрі бар, еш уайымы жоқ. Не ішем, не кием демейді. Телефоны да, интернеті де бар. Заманның өзі жылдам, махаббат та солай ма деймін бұларда", - дейді ол.

Сұқбаты арасында актриса жарнама кезінде өздерінің қалай сергіп алатындарын да көрсетті. Барабанды сабалаған Гүлбаушан Телібекова биді де жібереді екен. Актриса еркін адам болуды қалайтынын, жастардың да еркіндігіне қол сұғуға болмайтынын осылай білдіріп қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: