Жаңалықтар тізбегі
0

"Бір шындықты айтайын...". Димаш Қадыр атасының ескі видеосын парақшасына жүктеді

Инстаграм, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2019 22:50 Инстаграм
Видеода қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырзәлі ағамыз таусылып сөйлеп отыр.

Әлемді талантымен тамсандырған Димаш Құдайберген Қадыр Мырзәлі атасының видеосын мұрағаттардан тауып алып, әлеуметтік желідегі парақшасына орналастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырзәлі ағамыз таусылып сөйлеп отыр:

"... Мен Сіздерге бір шындықты айтайын. Оған жетуге болады, бірақ оны көтеріп жүру қиын. Абырой деген өте ауыр нәрсе, айналайын. Қаңбақ сияқты бір сәтте ұшып кетуі де мүмкін. Сол кезде тамырың мықты болса, ол тамырын сенің халқын! Жаңа Сырым атамыздың басында бір сөз есіме келіп айттым. Данышпандар туады, кемеңгерлер туады, таланттар аз емес. Өзін өзі ұмытып кететін, өзінің қайдан туғанын ұмытып кететін, кім тәрбиелегенін ұмытып кететін, кімге парыздар екенін ұмытып кететін азаматтар жетеді. Менің өзімнің көзім жеткен нәрсе мың жерден пайғамбар болсаң да халқыңнан үлкен емессің!", - дейді ол кісі.

Айта кетсек, Қадыр Мырзәлі – ақын, Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Әнұранның сөзін жазған авторлардың бірі. Соңғы жылдары ақынның 16 томдық таңдамалы шығармалары жарыққа шыққан. "Жазмыш", "Еңіреп өткен ерлер-ай", "Иірім", "Шырғалаң","Алмас жерде қалмас" сынды өзге де көптеген өлең жинақтары бар.

Ақын 2011 жылы дүниеден озды. "Пушкин өлді! Ресей жетім қалды" деп қабырғасы қайысқан орыс интеллегенциясы ұлы ақынымен қоштасқанда. Сол секілді Қадыр Мырзәлі ағамыз да еліміздегі ірі тұлғаның бірі еді. Бірақ оны ақтық сапарға шығарып салуға шенділерден ешкім келмеді. Тек сол кездегі Батыс Қазақстан облысының әкiмi болған Бақтықожа Iзмұхамбетовтан басқасы. Мұны халық сол кезде ұят жағдайға балаған еді. "Өлеңімен ғана емес, өлімімен де баршамызды ойландырып кеткендей" деген мақала да жарық көрді сол кезде бір басылымдарда. Ал Димаш жариялап отырған видеодағы ақынның сөзі бүгінгі кейбіріміздің аянышты болмысымыздың көрінісі іспетті. Иә, ақын өлгенмен, оның сөзі ешқашан өлмейді!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Kadyr Ginayatovich Myrzaliev - national writer of Kazakhstan, poet, author of the first Kazakhstan anthem.

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: