Жаңалықтар тізбегі
0

Аймағамбетов жалған дипломға қатысты пікір білдірді

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 23:53 24kz
Екіншіден, министрлік бұрын берілген дипломдардың деректерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Шамамен 10-15 жыл бұрынғылары цифрланған.

Білім және ғылым министрлігі жұмысқа орналасу кезінде жалған құжат ұсыну мәселесін жою үшін барлық дипломдарды цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО мен министрлікке дипломдарды тексеру бойынша жиі сұрау түсетіндігін атап өтті. Жұмысқа дипломмен орналасқан адамның ешқай жерде оқымаған жағдайы да кездеседі. Осыған байланысты министрлік мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Біріншіден, қазір электронды дипломдарымыз бар. Электронды портал арқылы жұмыс берушіге белгілі бір нөмірді енгізіп, дипломның қашан берілгенін және оның түпнұсқалығын тексеруге болады, - деді Асхат Аймағабетов.

Екіншіден, министрлік бұрын берілген дипломдардың деректерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Шамамен 10-15 жыл бұрынғылары цифрланған.

Енді белгілі бір уақытқа дейін жұмыс беруші өз қызметкерінің оқыған-оқымағаны туралы ақпаратты онлайн ала алады. Айтпақшы, біз бұл жұмысты жүргізген кезде, кейбір дипломдардың жалғандығы бойынша көптеген жағдай анықталды, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін министр мектепте бір орнында көп отырған директорларды ауыстыру жөніндегі мәселеге қатысты пікір білдірген еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: