Жаңалықтар тізбегі
0

«Мүлдем басқа эмоция»: Димаш Прагадағы концерттен алған әсерін бөлісті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 10:38 Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
16 сәуірде Димаш Құдайберген Прагада концерт берді. Чехиядағы жанкүйерлері әншіні жылы қарсы алып, оны қоршап алды. Димаш көліктің үстінде отырып, тыңдарманына қолтаңба берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерттен соң әнші өзінің Instagram-дағы парақшасына жеке ән кешінен видео бөлісіп жатыр. Сонымен қатар Димаш Чехиядағы концертінен алған әсерін айтты. Димаш Құдайбергеннің айтуынша, 2 жыл пандемиядан соң берген концерттің әсері мүлдем бөлек.

Иә, пандемияның 2 жылында мен түрлі марапат пен фестивальдерде өнер көрсеттім. Бірақ жеке концертпен оралу – мүлдем басқа эмоция. Атмосфера көбірек таныс, ерекше. Сондықтан әрине, барлық Dears-қа маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді, – деді Димаш Dimashnews.com-ға берген сұхбатында.

Әншінің айтуынша, арадағы үзіліске қарамастан Димаш пен Dears-тың байланысы әлі де күшті.

Тіпті бөлек болсам да, мен, әрине, Dears-тың сүйіспеншілігі мен қолдауын сезіндім, бірақ соған қарамастан,аздаған қобалжу болды. Алайда, сахнаға шыққан бойда барлық уайымым әп-сәтте сейілді. Біздің өткен концерттеріміз пандемияға байланысты 2 жыл жоғалтқанымызға қарамастан, Dears-пен байланысымыз әлі де күшті екенін көрсетті, – деді Димаш Құдайберген.

Шоудың бағдарламасы көрерменді бір минут та қалыс қалдырмайтындай жасалған. Әндер динамика және лирика бойынша алмасып отырды.

Ең есте қаларлық нәрсе – әрине, сахнаға шығу! Менің Dears-пен кездесудің алғашқы сәттерінде олардың жарқын күлкісін көріп, дауыстарын естимін. Сонымен бірге үш сағаттық концерттен кейін де залдың мені қолдаудан жалықпайтынын көрдім. Мен осы үшін өте ризамын. Өзіңіз білесіз, үш сағат қатарынан музыка тыңдау оңай емес. Сондықтан концерттің соңында залдағы энергетиканың ең басында болғандай күшті және қуатты екенін көру мен үшін әрқашан бақыт», – деді Димаш.

Димаштың Прагадағы концерті бір үлкен отбасының кездесуі сияқты өтті. Димаш өз энергиясын көрерменіне сыйлады, көп импровизация жасады, әзілдеді, жанкүйерлерді әндерді бірлесіп орындауға шақырды. «Happy Birthday to You» акапелласын орындап, сахнаға шыққан Dear-ды туған күнімен құттықтады.

«Сіздер менің отбасымсыздар», – деді Димаш шоудың финалында.

Димаш алда жоспар өте көп екенін айтты. Өзінің айтуынша, әлі бірнеше елде концерт беру қарастырылып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: