Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаш қаласында суретші әрі гобеленші үйін шағын мұражайға айналдырған

Үйдегі мұражай Сурет: видеодан алынды
Балқаш қаласында тұратын суретші, гобеленші Өміргелді Әбеуов үйін шағын мұражайға айналдырған. 30-шы жылдардағы алапат ашаршылық, сұрапыл соғыс, кешегі Жаңаөзен оқиғасы, барлығы да гобеленшінің туындыларына арқау болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өміргелді Әбеуов жасы 74-ке келсе де өнерден қол үзген емес. Осы уақытқа дейін 60-тан аса туынды жасапты. Гобелен өте күрделі өнер. Қылқаламмен сурет салу бір басқа да, оған түрлі-түсті жіппен жан бітіру мүлдем бөлек өнер. Өміргелді Әбеуов ақсақал да бір туындыны жасап шығу үшін бірнеше ай тер төгеді екен. Әуелі ойын қағазға түсіріп, кейін жібек жіппен тоқиды, деп хабарлайды "Хабар 24" .

Жұмысты бітірген соң біразға дейін екінші жұмысты бастай алмаймын. Күйзелістен тез шығу үшін мен әр-түрлі сурет сала бастаймын, тез ұмыту үшін алдыңғы жұмысты. Өйткені екінші жұмысты бастау үшін тез арылу керек ойдан. Төрт ай сол оймен жүрдім, оның бәрін 2-3 күнде ұмытып кету мүмкін емес. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Өміргелді Әбеуов

               

Ақсақалдың төрт бөлмелі үйінің барлық қабырғалары гобеленге толып тұр. 30-шы жылдардағы алапат ашаршылық, сұрапыл соғыс, кешегі Жаңаөзен оқиғасы, барлығы да гобеленшінің туындыларына арқау болған. Оның қай еңбегін қарасаңыз да ой салады. Қазақ даласының кеңдігін, шынайы сұлулықты сезінуге болады. Әттең, осы текті өнерді жалғайтын жастар қазір аз, - дейді Өміргелді Әбеуов.  

Ешқандай жағдай туғызылмағаннан кейін ешкім қызықпайды. Өйткені өнер жолы ауыр жол екенін біледі. Ешқандай сұраныс жоқ. Ертең күнін қалай көреді мысалы. Отбасы да ертең күніңді немен көресің, қазір оның ешқандай қажеті жоқ, сен басқаша күн көретін жағдайды ойла деп ақыл береді ғой. Ал бірақ туа біткен өнер қалмайды. Әйтеуір уақытында бір орнын табады деп ойлаймын.   ҚР Суретшілер одағының мүшесі Өміргелді Әбеуов

Оның "Қоңырат туралы ән" гобелені қазір Алматының көрме залында, ал "Таң" атты туындысы Балқаш мұражайында тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз