Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада "Міржақып. Оян, қазақ!" телехикаясының тұсау кесер рәсімі өтті

Міржақып. Оян қазақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2022 22:36 Сурет: pixabay
Жаңа отандық киноөнімде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тарихи туындыда "Оян, қазақ!" кітабының жарыққа шығуы, революциядан кейінгі жылдар, тұлғаның ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі мен жары Ғайнижамал екеуінің махаббат хикаясы баяндалады. Алты бөлімнен тұратын сериал ұлт руханиятының ұлы тұлғаларын ұлықтауға бағытталған. Осы арқылы 20-шы ғасыр басындағы ұлттық өрлеу кезеңі мен Алаш қозғалысының тарихи миссиясын көременге, жас ұрпақтың санасына сіңіруді көзделіп отыр, деп хабарлайды Жаңа отандық киноөнімде Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Тек қана бір эмоция сыйлайтын интертеймент ғана емес. Ағартушылық мәні де болса деген нәрсені мақсат қылып тұтамыз. Сондықтан әртүрлі кітаптар, мақалалар, жинақтар, естеліктер қандай дүниелер бар соның бәрін қамтып, қарап кино өнімге айналдыруға тырыстық. Режиссер Мұрат Есжан



Ұлыларды ұлықтау, тұлғаларды терең тарих арқылы көрсету. Сериалдар арқылы беру үрдісі жақсы жалғасып келе жатыр. Үлкен мектеп қалыптасты. Бұлар енді үлкен аудиторияға шығады деп үміттенеміз. Міржақыптың да аудиториясы сол бүкіл бауырлас елдердің ояну дәуірінде Міржақыптан рух алған бүкіл түркі халықтарына кеңінен таралады деген үмітіміз бар. Сериал үлкен индустрия. Үлкен өндіріс. Бұл идеологияда ұлттық құндылықтардың барлығы осында. Сондықтан сериалдарды әсіресе ұлттық сипаттағы сериалдарды біз қолдай береміз.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: