Darkhan Juzz-дің жазып үлгермеген альбомы жарыққа шығады
Сурет: instagram.com/d.juzz
Қазақстандық õzen лейблі Darkhan Juzz-дің жазылмай қалған альбомы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әнінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржы 100% отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын", - делінген хабарламада.
Еске салайық, кеше, 24 ақпанда Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болғаны хабарланған еді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Дархан Жүнісбековтің Таиландтағы Пхукет аралында жол апатына түскенін нақтылады. Алматы жастары кеше Арбатта жиналып, марқұм әншімен қоштасты.
Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда туған. Оның "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндері көпшілік, әсіресе, жастар арасында танымал.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript