Астанада Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі өтті
Сурет: pixabay
Іс-шара Aiqyn, Литер және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирге марқұмның көзін көрген үзеңгілес достары мен әріптес бауырлары қатысты. Ал сайысқа ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы қазылық етті, делінген Astana.tv-ның арнайы сюжетінде.
"Өмір бойы ортамызда қатар жүріп қызмет істедік, Жолдасбек Дуанабай деген азаматпен. Соның атына мынадай жарқыратып жарыс өткізіп жатқанын қос қолдап қолдап, қошемет көрсетемін". Журналист, жазушы Несіп Жүнісбайұлы
Қалам ұстаған 48 үміткер 2 санат бойынша бақ сынады. Әр категорияға үш бағалы жүлде тағайындалған. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға да арнайы сыйлықтар берілді. 55 жасқа дейінгілердің арасында журналист Нұрділдә Ораз үздік деп танылса, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық универсиеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ 55 жастан үлкен санаттағылардың арасында бірінші орынды иеленді.
"Өте жақсы көңіл-күймен келдік. Журналистер қауымы бірауызды болуы керек, бір-бірін қолдап, бір-бірін ұмытпауы керек, бір-бірін қадірлеп-қастерлеуі керек. Жолдасбек Дуанабай тақырып қойған кезде, ана мақаланы амал жоқ әркімнің оқығысы келіп тұратын. Жолдасбектей мінезі дархан азамат бізде сирек болатын". Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Қайнар Олжай
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript