Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайбергеннің Абайдың әнін орындаған бала кездегі видеосы көпшілікті тәнті етті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 09:40 Сурет: видео скрині
Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі музыка мектебінде оқып жүргенде Абайдың әнін орындаған кезінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Мереке қарсаңында Абай атамыздың әні "Көзімнің қарасы", 11 жасар кезден естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық "Саз" балалар мектебінің оқушысы", - деп жазды ол.


Әншінің оқырмандары "Димаш, балалық шағыңыздан қандай керемет естеліктер қалды, бөліскеніңізге көп рахмет. Мексикадан сәлем, Алла разы болсын" "Қазаққа, бір туар, Абайдай етіп берген Асыл Ұл Димашжан!", "Не деген керемет мынау, не деген керемет!!! Құдай-ау, көз тоймайды-ау!! Димашжан, мың да бір рахмет!!! Бүкіл бала кезіңдегі видеоларды жинап, сақтау керек. Ол енді ұлттық мұра", деп пікір жазып жатыр.

Еске салайық, жуырда әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқы, тың челленджді бастаған еді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: