Жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали Төрәлі келіншегіне су жаңа көлік сыйлады

Төреғали Төрәлі, су жаңа көлік, тосын сый, Толқын, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 21:06 Сурет: видеодан алынды
Бұл тосын сыйдың видеосын әншінің қарындасы Фариза Төреғали әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"...Әкем көлікті таңдарда біраз жүгірген ғой, салондағы қызметшілер "я тоже хочу такой қайын ата" депті (орфографиялық стилистика сол күйі сақталған - ред.) Жеңеше жаңа көлігіңіз құтты болсын! Ағабай екеуіңіздегі махаббат пен гармония, арадағы ыстық сезім оты еш өшпесін! Осындай бақытты күндеріміз көп болсын, әмин!" деп жазыпты видео сипаттамасына әншінің қарындасы.

Видеода келіншегіне тосын сый жасаған Төреғали Төрәлі өлеңмен де шашу шашты:

Толқын менің мән берген өміріме,

Құтты болсын айтайық көлігіне,

Анамды той-думанда алып жүрсін деп, 

Ат мінгізіп жатырмыз келініне!

Айта кетсек, тарту етілген көліктің маркасы - Lexus.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: