Белградта қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді
Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Сербиядағы елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды. Онда қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулықтары және тағы басқа да қазақ ертегілері бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Кітаптың тұсаукесері Жаңа жыл қарсаңында Белград қаласының балалар кітапханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов балаларға кітапты таныстырып, елімізге қатысты қызық фактілерді бөлісті. Кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтар да табыс етілді.
Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізді. Сонымен қатар олар балаларға кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілерін оқып берді.
Жуырда қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылмақ.