Виктория Бекхэм өзі туралы сериал түсіруге дайындалып жатыр

Виктория Бекхэм өзі туралы сериал түсіруге дайындалып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 12:03 Сурет: Facebook/Victoria Beckham
Netflix бұрынғы Spice Girls мүшесі және қазір сән дизайнері, кәсіпкер Виктория Бекхэм туралы деректі сериал түсіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Variety хабарлағандай, әлі аты нақтыланбаған жоба Викторияның тоқсаныншы жылдардағы музыкалық жолдан қазіргі сән шеберіне дейінгі жолын көрсетеді.

"Пош Спайстың уақыты артта қалған шығар, бірақ бүгінде Бекхэм сән империясын құру жолында. Енді жанкүйерлер бұл жетістікке жету үшін шын мәнінде оның қандай жолдардан өткенін көре алады", – делінген ресми сипаттамада.

Сурет: Facebook/victoriabeckham

Сериалда Викторияның өзі және оның отбасы мүшелері, сондай-ақ достары мен әріптестері бой көрсетеді. Мұның бәрімен, бұрын "Бекхэм" деректі фильмін шығарған Викторияның күйеуі Дэвид Бекхэм айналысуда.

Бұған дейін Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік орындарында бейнебаян түсіріп жатқаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: