Жаңалықтар тізбегі
0

Лондондағы "World talent award" халықаралық байқауында Жанат Ерманов бірінші орын алды

Жанат Ерманов, Лондон, World talent award, халықаралық байқау, бірінші орын  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2024 20:27 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен "World talent award" Халықаралық байқауында 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасында Қазақстан өкілі үздік шығып, бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық байқаудың жеңімпазы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов болып табылады. 

"GOLDEN TIME TALENT" – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.


"Дәл осы өнерпаздар додасындағы жеңісімен филармония солисті Жанат Ермановты шын жүректен құттықтаймыз. Жанат Ерманов бұл жеңісін Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің осы жылғы 20 жылдық мерейтойына арнағанын айтты". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: