Әнші Ержан Максим Дубайдағы жеңісінен кейін елордаға оралды
Сурет: Астана әуежайының баспасөз қызметі
Астана әуежайында Sanremo Best Song 2025 халықаралық байқауының жеңімпазы, 17 жастағы әнші Ержан Максимды жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірнеше күн бұрын Ержан Дубайдағы байқауда "үздік әнші" атанған болатын.
"Максимді туыстары мен достары жылы қарсы алды! Жас дарынды әнші еліміздің атын тағы бір рет әлемге танытты. Ержанды үлкен жеңісімен құттықтап, болашақтағы барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!",- деп мәлімдеді Астана әуежайының баспасөз қызметі.
Сурет: Астана әуежайының баспасөз қызметі
Бұған дейін "Қазақанимацияның" жас көрермен үшін биыл үш жаңа жоба ұсынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript