Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
Актер 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
Актердің алғаш ойнаған рөлі – "Қыз Жібек" фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін "Қыс – мазасыз маусым", "Ағам менің", "Ерекше күн", "Аққулар ұшып келеді" т.б. фильмдеріне түсті.
"Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады", – деп жазады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Актер 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша "Парасат орденімен" марапатталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript