Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды

Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды ді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды ді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері Барселона әуежайында қарсы алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 13:09 Сурет: dimashnews.com
2025 жылғы 5 қарашада Димаш Құдайберен Испанияға келді. Үш күннен кейін, 8 қарашада әнші Olimpic Arena Badalona стадионында "Stranger" атты жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншіні әуежайда қарсы алу үшін түрлі елдерден – Испания, Чили, Мексика, Аргентина, Эквадор және Бразилиядан келген жанкүйерлер жиналды. Фанаттар плакаттармен, жалаулармен және сыйлықтармен "Оле, оле-оле-оле, Димаш" деп айқайлап, кездесу сәтінде тікелей эфирлер жүргізді.

Жиналғандар арасында Чилилік әнші Пабло Ромеро да болды. Ол "My Name Is" телешоуының жартылай финалисі, онда ол Димаш Құдайбергеннің репертуарынан әндер орындаған болатын.

Фанаттар әншіге өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын – портреттер мен тоқылған суреттерді сыйлаған. Димаш қарсы алушыларға қол бұлғап, сәлемдесті.

Әншінің жанкүйерлермен келесі кездесуі 8 қарашада – Барселонадағы Stranger концертінде өтеді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасында Қазақстан атынан кім өнер көрсететіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: