Дана Борисова 18 жастағы қызын психиатриялық ауруханаға жатқызды

Дана Борисова 18 жастағы қызын психиатриялық ауруханаға жатқызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 11:23 Сурет: Instagram/poxenovaaa
Ресейлік тележүргізуші Дана Борисованың қызы Полина арнайы клиникада ем қабылдап жатыр. Қыздың денсаулығы жеке өміріндегі күйзелістерден кейін күрт нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Starhit басылымының жазуынша, бұған 18 жастағы Полинаның тележүргізуші Дмитрий Дибровтың продюсерімен айырылысуы себеп болуы мүмкін. Дана Борисова өзінің биполярлық бұзылысқа шалдыққанын жасырмайды. Дәрігерлер дәл осындай диагнозды оның қызына да қойған.

Анасы мен қызы бұл аурудың салдарынан олардың отбасында жиі жанжал туындайтынын бұрын да айтқан. Полина психиатриялық ауруханада жатқанын әлеуметтік желі арқылы өзі хабарлады.

Белгілі болғандай, қызын клиникаға жатқызу туралы шешімді Дана Борисованың өзі қабылдаған. Қазіргі уақытта бойжеткен дәрігерлердің бақылауында. Мамандар оның диагнозын қайта қарап, өзгертуі де мүмкін.

"Жағдайымның нашарлауына байланысты Шуров клиникасына жаттым. Бір жыл бұрын маған биполярлық бұзылыс диагнозы қойылған еді, бірақ қазір дәрігерлер бұл шешімге күмәнданып отыр. Олар мұны шекаралық тұлғалық бұзылыс болуы мүмкін деп болжайды. Анам бәрін біледі, бір оқиғадан кейін мені осы жерге өзі жатқызды. Екінші күн жатырмын, анам ертең келемін деп уәде берді",- деп жазды Полина өз жазбасында.

Бұған дейін 2026 жылы елімізде әлемдік деңгейдегі қандай жұлдыздардың концерті өтетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: