Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды
Сурет: Instagram/koyanbayevnurlan
Қазақстандық танымал тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды. Соған қарамастан ол жанкүйерлеріне қол бұлғап, сәлем жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұлдыз өзінің Instagram парақшасындағы stories бөліміне емханадағы суретін жүктеді.
"Денсаулық – ең қымбат сыйлық, ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз",- деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол оқырмандарына осынау қиын-қыстау күнде қолдау көрсеткендеріне алғысын білдірді.
Айта кетейік, суретте Қоянбаевтың науқастарға арналған төсекте жатқаны бейнеленген. Қасында ноутбук, жемістер мен тәттілер көрінеді. Дегенмен жағдайы жайлы жұлдыз ашып айта қоймады.
Бұған дейін алматылық егіздер фортепианодағы өнерімен желіні жаруда екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
