"Ата-анаңның үмітісің": Жұлдыз Әбдікәрімова желіні жазбасымен сүйсіндірді
Сурет: pexels
Танымал қазақстандық жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың үлкен ұлдары 2026 жылғы 15 науразда 15 жасқа толды. Актриса Нарұлдың туған күніне арнап әсерлі жазба мен жылы бейне жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әбдікәрімованың айтуынша, енді ұлының жауапкершілігі арта түсті.
"Әпкелерің мен қарындасыңның күлкісі мен қауіпсіздігіне алаңдайтын да – сен. Өкшебасарың Ханның арқа сүйеп, қолдау күтетін ағасы да – өзің. Аталарың мен әжелеріңнің, ағаларыңның, ата-анаңның үмітісің. Осындай үлкен сенімнің арасында өз бағытыңды нық ұстап, өз бақытыңды таба білгеніңді қалаймын",- деп жазды ол.
Сондай-ақ, актриса ұлына армандаған, нысанаға алған барлық жоспарлары жүзеге аса беруін тіледі.
"Ақылдысың, мейірімдісің, қайсарсың. Кейде қырсық, кейде тым мақұлшылсың. Бірақ ең бастысы – бойыңдағы әр мінезің шынайы, мен үшін бәрі де қасиетті. Ұлым, жолың әрдайым ашық болсын. Өмірден өз үлесіңді біліммен, еңбекпен, маңдай термен ала бер. Атыңы затың сай келіп, тұлғаң нар болсын". Жұлдыз Әбдікәрімова
Өз кезегінде желі қолданушылары туған күн иесіне жүрекжарды тілектерін жазып, пікір қалдырды.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың үш қызы мен екі ұлы бар: Сезім, Алау, Рәбия-Сұлтан, Нарұл және Хан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript