Димаш өзі білім алған мектебіне барып, ұстаздарын қуантты

Димаш Кудайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2026 13:46 Фото: Zakon.kz
Қазақстандық танымал әнші, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген туған мектебіне барып, ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнер иесі мектеп қабырғасын сағынғанын айтты.

Бұл туралы Димаш Құдайберген 2026 жылғы 14 маусымда Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Мектеп – балалықтың мекені, ал ұстаз – сол шақтың ең жарқын шамшырағы. Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өзгереді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялаған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: