Ақтауда Miyagi мен Нұрлан Сабыров Голливуд жұлдызы Джеки Чанмен кездесті

Ақтауда Miyagi мен Нұрлан Сабуров Голливуд жұлдызы Джеки Чанмен кездесті , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 10:45 Сурет: Instagram/miyagi_officialll
Әлеуметтік желілерде Голливуд жұлдызы Джеки Чан мен ресейлік рэпер Miyagi-дің бірге түскен видеолары кеңінен таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, жарияланған бейнежазбалардың бірінде Джеки Чан ресейлік әнші Miyagi-дің әндерін тыңдап, онымен жылы амандасады. Сондай-ақ актер рэпермен бірге суретке түсіп, көңілді уақыт өткізген.

Қазақстандықтарды ерекше таңғалдырған жайт – Джеки Чанның Miyagi шығармашылығымен жақсы таныс екені. Бейнеден оның рэпердің әндерін ықыласпен қосылып айтып отырғанын көруге болады.

Фото мен видеолар Miyagi-дің Instagram-парақшасында жарияланған. Кадрларда олардың жанында танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та көрінеді.

Бұған дейін Ерке Есмахан 3 жылдық демалысынан кейін өнерге қайта қадам басуда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: