"Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылады

"Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:43 Сурет: Instagram/tdwp2
2026 жылғы 1–15 қыркүйек аралығында Нью-Йорктегі Christie’s аукцион үйінің онлайн алаңында "Дьявол носит Prada 2" фильмінде пайдаланылған киімдер мен аксессуарлар сатылымға қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аукцион үйінің ресми сайты мен фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасының мәліметінше, саудаға 2006 жылы жарық көрген алғашқы фильмдегі ерекше әрі есте қалған бұйымдар да шығарылған. Аукционның басты лоты – алғашқы бөлімде Энди Сакс киген J.Crew брендінің көгілдір жемпірі. Оның бастапқы бағасы небәрі 100–200 АҚШ доллары көлемінде белгіленген.

"Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:43

Сурет: aeworld

Сондай-ақ аукционға Мэрил Стрип, Стэнли Туччи, Симона Эшли және Люси Лю сомдаған кейіпкерлердің фильмде киген сәнді киімдері қойылады.

Бұдан бөлек, әнші Леди Гаганың "Runway" бейнебаянында киген қауырсынмен безендірілген, күләпарасы бар барқыт көйлегі де сатылымға шығарылады.

"Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 10:43

Сурет: aeworld

"Бұл онлайн-аукционды "Дьявол носит Prada 2" фильмінің жұлдызы Мэрил Стрип ұсынды", – делінген Christie’s аукцион үйінің хабарламасында.

Бұған дейін Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: