"Сұлтан Сүлеймен" Қазақстанға келеді

"Сұлтан Сүлеймен" Қазақстанға келеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 12:07 Сурет: Instagram/halitergencresmi
Алматыда әйгілі түрік актері, "Сұлтан Сүлеймен" сериалында Сүлейменнің рөлін сомдаған Халит Эргенч жанкүйерлерімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актер қазақстандық көрерменге арнайы бейнеүндеу жолдап, оларды кездесуге шақырды.

"Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында кездесеміз. Баршаңызды тағатсыздана күтемін. Жақын арада жүздескенше!" – деді Халит Эргенч.

Аталмыш бейне актердің Қазақстанға сапарына арналған ресми фан-парақшада жарияланған.

Бұған дейін "Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: