Бурак Өзчивит туған әпкесінің тойына қатыспады
Сурет: Instagram/burakozcivit
Түрік актері Бурак Өзчивиттің әпкесінің үйлену тойы Бафрадағы көп талқыланған оқиғалардың біріне айналды. Алайда қонақтар мен жанкүйерлердің назарын тойдың өзі емес, қалыңдықтың жақын адамдары – ағасы Бурак Өзчивит пен оның жұбайының болмағаны аударды.
Burak Özçivit’in kız kardeşi evlendi. Gelin saolna babasının kolunda girdi:
— ZAM Haber (@ZamHaberAjans) August 30, 2026
🔹Düğüne Fahriye Evcen’in ve Burak Özçivit’in katılmaması dikkat çekti. pic.twitter.com/8Xbnf70gyk
Бурчун той залына әкесі Бюлент Өзчивиттің қолынан ұстап кірді. Ал танымал ағасы тойға келмеді. Актердің ата-анасы ұлының тойға түсірілім жұмыстарына байланысты қатыса алмағанын түсіндірді.
"Жүрегі бізбен бірге, бірақ өзі келе алмады", – деді актердің әкесі.
Бурактың анасының айтуынша, отбасы бейнебайланыс арқылы сөйлескен. Сондай-ақ ол ұлының қаржылай көмек көрсетіп, отбасына үлкен қолдау білдіргенін айтты.
Соған қарамастан жанкүйерлер танымал түрік жұбының маңызды отбасылық шараға қатыспауын талқылауды жалғастыруда. Тойдан кейін бұл жағдай басты тақырыптардың біріне айналды.
Ал "Постучись в мою дверь" танымал сериалындағы Серкан Болат рөлі арқылы әлемге танылған тағы бір түрік актері ота жасатқанын әлеуметтік желіде хабарлады.