Дженнифер Лопеске ұқсайтын әйел ұрлық жасағаны үшін қамауға алынды
Сурет: x/cinemaclt/ instagram/jlo
IBT басылымының жазуынша, әйел Runnings құрылыс дүкенінен электр құралдарына арналған жалпы құны шамамен 580 доллар (258 мың теңге) болатын екі қаптама аккумулятор ұрлаған.
Ұсталғаннан кейін ол түрмеге қамалып, оған ауыр құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған. Алайда бірнеше күннен кейін бұл оқиға күтпеген жерден көпшілік назарын аударды.
🗞️ | Essa é a Cyrena Anne Quast, de 35 anos, que foi presa em 30 de agosto, acusada de furtar uma loja em Minnesota. Desde então, sua foto de fichamento policial tem gerado comparações com a cantora Jennifer Lopez. https://t.co/EJsYmg8Gc9
— Cinema CLT 👷🏻 (@cinemaclt) September 17, 2026
Ұстау кезінде түсірілген Сент-Клауд қаласының 35 жастағы тұрғыны Сирена Энн Квасттың суреті әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Желі қолданушылары оның Дженнифер Лопеске ұқсайтынына назар аударып, бұл туралы әзілдей бастады. Кейбірі оның танымал жұлдызбен туыстығы болуы мүмкін деген болжам айтса, енді бірі жұлдыздардың да құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін әзілге айналдырған.
Ал 64 жастағы танымал актер Джим Керри өзінің досы, комик Джефф Россқа бейнеқұттықтау жазып, әлеуметтік желіде жаңа пікірталас толқынына себеп болды.