Қала күніне байланысты Алматыда автобустардың қозғалыс бағыты өзгереді: жолаушылар нені білуі керек

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 14:46 Фото: Zakon.kz
Алматыда №17, 46, 93 және 123 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне және №148 мектеп-гимназиясы маңындағы Омаров көшесінде көлік қозғалысының жабылуына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік холдингінің мәліметінше, шектеулер 18 қыркүйек сағат 15:00-ден 19 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін қолданылады.

№17 бағыт

Солтүстік бағытта: Серіков көшесімен шығысқа қарай – Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай – Жұмабаев көшесімен батысқа қарай, одан әрі бекітілген сызба бойынша жүреді.

Оңтүстік бағытта: Жұмабаев көшесімен шығысқа қарай – Жансүгіров көшесімен оңтүстікке қарай – Серіков көшесімен батысқа қарай, одан әрі бекітілген сызба бойынша жүреді.

№46 бағыт

Солтүстік бағытта: Серіков көшесімен шығысқа қарай – Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай, одан әрі бекітілген сызба бойынша жүреді.

Оңтүстік бағытта: Жансүгіров көшесімен оңтүстікке қарай – Серіков көшесімен батысқа қарай, одан әрі бекітілген сызба бойынша жүреді.

№93 бағыт

№123 бағыт

Бұған дейін Алматы автобустарындағы жол жүру ақысының нақты неден құралатыны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: