Миланда Қазақстан киносының күндері өтті
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
16-19 қараша аралығында Италияның Милан қаласында Қазақстан киносының күндері өтті. Іс-шара отандық фильмдерді шетел көрермендеріне танытуға және Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланысты нығайтуға арналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, CityLife Anteo кинотеатрында өткен ашылу салтанатына Қазақстанның Италиядағы елшілігінің, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының және отандық кино саласының өкілдері қатысты. Көрерменге үш қазақстандық туынды ұсынылды.
Олар – ана махаббаты мен қайсарлықты арқау еткен "Анаға апарар жол" тарихи драмасы, сақ патшайымы туралы "Томирис" фильмі және қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың өміріне арналған "Әміре" өмірбаяндық картинасы.
"Миландағы көрсетілімдер отандық киноның халықаралық деңгейде танылуына, екі елдің мәдени байланысының кеңеюіне және шетелдік көрермендердің Қазақстан тарихы мен мәдени мұрасын жақынырақ білуіне ықпал етті", делінген хабарламада.
Бұған дейін Мексикада Димаштың концерті аншлагпен өткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript