Қазақстандық блогер әкесін GTA VI ойынының кейіпкеріне айналдырды
Сурет: Instagram/dragon_knm
Астаналық танымал блогер, миллиондаған оқырманы бар Нұргелді Кердеш (әлеуметтік желіде Dragon KNM немесе Dragon Nurgeldi есімімен танымал) әкесін әйгілі Grand Theft Auto (GTA) VI компьютерлік ойынының кейіпкеріне айналдыруды ұйғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоны монтаждауға оған досы, режиссер Бекалы көмектескен.
Бастапқыда таңғалғанымен, блогердің әкесі ойындағы өз бейнесіне риза болған.
"Елки-палки!" – деп қана жауап берді ол өзін үлкен экраннан көргенде.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды:
- "Керемет ойлап тапқан!"
- "Әкесінің өзін көргендегі қуанышын қараңызшы. Оның үстіне ойынның кейіпкері болыпты. Кішкентай баладай мәз болып кеткен!"
- "Міне, нағыз соққы! Бірден денсаулығының 50 бірлігі азайды".
- "Әкесі қатты таңғалды. Бірақ өте керемет шыққан".
- "Мұнда тек физикалық емес, моральдық соққы да бар. Басты кейіпкердің мәз болып қашып бара жатқанын қараңыз, оған "Ш" дәрумені әсер еткен".
- "Әкенің желкеден бір түйіп жіберуі деген осы ғой... Кейбір адамдар әлі күнге дейін одан есін жия алмай жүр", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін GTA VI ойыны романтикалық және іскерлік қарым-қатынастарға ғана емес, Голливудқа да айтарлықтай соққы жасағаны туралы жазған едік. Атап айтқанда, ойын Кристофер Ноланның "Одиссея" фильмінен түсім көлемі бойынша асып түсіп, 1,84 млрд доллар табыс тапқан. Ал фильмнің кассалық түсімі 1,8 млрд долларды құраған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript