Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшқыш әйелімен ұрсысып қалып, өз үйіне ұшақпен соғылды

iz.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 22:57 iz.ru
Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік олардың болашақ сәбилетіне арналған мерекелік кеште орын алған.

Оңтүстік-африканың Ботсванында ер адам әйелімен ұрсысып қалып, өз үйіне жеке ұшақпен соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz Sputniknews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік олардың болашақ сәбилетіне арналған мерекелік кеште орын алған. Куәгерлердің айтуынша, мерекелік кездесуде ер адам өте қатты мас болып, әйелімен дөрекі сөйлескен. Содан соң үйге келген қонақтар одан шығып кетуді сұрайды.

Анықталғаны, ашуға булыққан ер адам үйінен шығып кеткен. Бірақ арадан уақыт өткен соң ол досына қоңырау шалып, әйелінің қайда жүргенін сұраған. Ал досы болса бір жамандықтың боларын сезіп, қонақтардың барлығын сыртқа шығуға шқырады. Содан кейін ұзамай үйге ұшақ келіп соғылған.

Апат нәтижесінде ұшақты тізгіндеген тек ашуға булыққан ер адам ғана қаза тауыпты. Лайнердің апатқа тап болуы салдарынан үйдің күлі көкке ұшып, тағы 11 көлік зақымданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: