Алматыда әкесімен жанжалдасқан ұлы оны өлтіріп қойды
Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі
Ол әкесінің кеуде тұсына екі рет пышақ жарақатын салған.
Алматының жеке тұрғын үйлерінің бірінде баласы әкесін ажал құштырды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, кеше Түркісіб ауданының Полиция басқармасына Орджоникидзе көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде баласының әкесін өлтіргені туралы хабар келіп түскен. Ақпарат толық расталады.
- Тергеу барысында анықталғандай, бірігіп ішімдік ішкен соң ер адам мен әкесінің арасында қайтыс болған анасының үстінде жанжал туындап, нәтижесінде егде жастағы кісі кеуде тұсынан екі рет пышақ жарақатын алады. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Алғашқы жедел іздестіру шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады және бұған дейін де сотты болған, - деді Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript