Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде кафе жанында кісі өлтірген күдікті ұсталды

myslo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2021 15:52 myslo.ru
Дәмханадағы отырыстан кейін төбелес туындап, клиент жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.

7 қаңтар күні сағат 02.25-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО "102" телефонына Краснощеков көшесінде "Самовар" кафесінің жанында 37 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері "ізін суытпай" жедел іс-шаралар жүргізу барысында 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, "Самовар" дәмханадағы отырыстан кейін төбелес туындап, клиент жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дәмхананың әкімшілігі ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимі бойынша шектеу шараларын бұзды. Әкімшілікке қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сапаны бақылау және қызмет көрсету департаментіне жіберілді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті кәсіпкерлерді вирустық инфекцияны таратпау бойынша санитарлық және шектеу шараларын сақтауға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: