Жаңалықтар тізбегі
0

Шамалғанда зардап шеккен қос бала шұғыл түрде Алматыға жеткізілді

Zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 00:02 Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы облысы және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары балаларға ары қарай ем жүргізу үшін арнайы реанимациялық көлікпен және жол полициясының қолдауымен Алматыға жеткізу туралы шешім шығарды.

Алматы облысы Шамалған стансасында теміржолда болған жол апатында зардап шегіп, Қарасай аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен екі бала Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Балалар Алматы қалалық "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының" жан сақтау бөліміне жеткізілді.1986 жылғы науқасты №7 қалалық клиникалық ауруханасының травматология бөлімінің бастығы қарады. Алматы облысы және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары балаларға ары қарай ем жүргізу үшін арнайы реанимациялық көлікпен және жол полициясының қолдауымен Алматыға жеткізу туралы шешім шығарды", дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

15 қыркүйекте Алматы өңірлік балалар ауруханасы мен №1 қалалық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Қарасай аудандық ауруханасында 2014 жылғы науқасқа ота жасаған болатын. Қыздың жағдайы әлі ауыр.

2016 жылғы қыздың да жағдайы өте ауыр. Екі науқас та комада, олар жасанды тыныс алу құрылғысымен дем алуда.

1986 жылғы қос қыздың анасының жағдайы - тұрақты ауыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: