Жаңалықтар тізбегі
0

Nur Otan партиясы алматылық белсенді азаматтарды сотқа берді

malina-group.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2019 18:07 malina-group.com
Партияның баспасөз қызметі жауапқа тартылып жатқан азаматтар "Nur Otan" партиясы біздің партия құруымызға кедергі келтірді-мыс" деп бірнеше мәрте жалған айып тағып, оны белсенді түрде таратты дегенді айтады.

Nur Otan партиясы жалған ақпарат таратты деген айыппен Санавар Закировты, Марат Тұрымбетовты және Әлнұр Ильяшевті сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Партияның баспасөз қызметі жауапқа тартылып жатқан азаматтар "Nur Otan" партиясы біздің партия құруымызға кедергі келтірді-мыс" деп бірнеше мәрте жалған айып тақты дегенді айтады.

Партияға қарсы тағылған осындай айып әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған.

- "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, саяси партияны мемлекеттік тіркеуден Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өткізеді.Тіркеуге Nur Otan немесе басқа партиялардың еш қатысы жоқ, бұл мәселеге ешкім араласып, кедергі де жасай алмайды. Партия бұл әрекеттерді қоғамдық бірлестіктің қызметіне нұқсан келтіру деп санайды. Осыған байланысты, ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес, Nur Otan партиясы Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына талап арыз берді, деп хабарлады партиядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: