Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте тірідей көміліп, топырақ астынан әрең табылған жұмысшы есін жиды

видеодан алынды видеодан алынды
Ауыр техникамен бірге тірідей көмілген оларды құтқарушылар үйінді астынан бес сағатқа жуық іздеген. Марқұм болған 50 және 54 жастағы қос жұмысшы жерленді.

Шымкентте топырақ астында қалып қойған жұмысшы есін жиғанымен, біраз есеңгіреп жатыр. Дәрігерлер үйіндінің астында қалған жігіттің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өткіржан Молдаханов, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жабық бел жағының жарақаты, жабық белдегі бірінші дәрежелі сынуы және жарақаттан кейінгі кеудесінің ісінуі. Науқас қарқынды терапия бөлімінде шұғыл тексерілуден өткізілді.

"26 жастағы жігіт сөзге келсе де, сұхбат беруге құлықсыз. Ол жанындағы екі серігімен тоғыз қабатты үй салуға тереңдігі 25 метр шұңқырда жұмыс істеп жатқанда топырақ басып қалған. Ауыр техникамен бірге тірідей көмілген оларды құтқарушылар үйінді астынан бес сағатқа жуық іздеген. Марқұм болған 50 және 54 жастағы қос жұмысшы жерленді. Полиция департаменті әзірге бір бап бойынша іс қозғап тексеріп жатыр. Болжам бойынша, құрылыстағы апатқа техника қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болуы мүмкін. Еңбек инспекциясы жұмысшылардың кешкі мезгілде, яғни сегіз сағаттан көп жұмыс істегеніне қатысты да тексеруді бастады", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: