"Нұр-Сұлтан" әуе-жайында оқтан үш адам жараланғаны белгілі болды
zakon.kz
Қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің жоспарлы жаттығуы өтіп жатқан кезде қаруды ұқыпсыз қолданғандықтан абайсызда оқ атылған
Бүгін, 6 желтоқсанда "Нұр Сұлтан" халықаралық әуежайындағы оқ атылғаны белгілі болды. Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Олар оқыс оқиға 3 желтоқсанда болғанын айтады.
- "Нұр-Сұлтан" халықаралық әуежайы аумағында қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің жоспарлы жаттығуы өтіп жатқан кезде қаруды ұқыпсыз қолданғандықтан абайсызда оқ атылған. Соның салдарынан қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері жарақат алды. Олардың бірі ауруханаға жатудан бас тартты. Қалған екі адам орташа дәрежеде жарақат алды, - деп хабарлайды әуе портының баспасөз қызметі.
Қазір олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде ем алып жатыр.
- Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша ішкі қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Көліктегі ішкі істер органдары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады ведомстводағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript