Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда интернаттан қашқан бала мәселесіне Парламент назар аударды

ҚР Парламенті Мәжілісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2019 15:21 ҚР Парламенті Мәжілісі
Жабық орындарда білім алып тәрбиеленіп жатқан балаларға көрсетілген әлімжеттік жан-жақты тексеріліп, оған шенеуніктер басымен жауап беруі керек", - дейді депутат.

Алматыдағы интернаттан қашқан балаға қатысты Парламент қабырғасында мәселе көтерілді. "Жабық орындарда білім алып тәрбиеленіп жатқан балаларға көрсетілген әлімжеттік жан-жақты тексеріліп, оған шенеуніктер басымен жауап беруі керек", - дейді депутат Ирина Смирнова, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

- Мұндай мәселелерді біз жабулы қазан күйінде қалдырып келеміз. Толыққанды зерттелмейді. Сол балалардың қауіпсіздігіне жауап беретін мекемелерге ешқандай жаза берілмейді. Бұл жүйенің дұрыс еместігін дәлелдеп отыр. Осындай дабыл қағылғаннан кейін істің аққарасын ажыратып, түбегейлі тексеру керек. Құқық бұзғандар жауапқа тартылуы тиіс.

Ал еліміздің бас ұстазы Алматыдағы оқушының оқиғасы министрлік саясатының дұрыстығын дәлелдейді деп отыр. Интернат сипатындағы барлық оқу орнының ашық болуын білім беруді дамыту бағдарламасына жазыпты. Енді келесі жылдан бастап балалар үйі ерекше білім беруді талап ететін балаларға арналған интернаттарда ашықтық қамтамасыз етіледі. Бұл дегеніңіз, қамқоршылық кеңес, қоғамдық үйі өкілдері мен құқық қорғаушылар оқыту мекемесін басқаратын адамдар құрамында болады.

Еске салайық, Алматыдағы зағиптар мен көзі нашар көретін балаларға арналған интернат тәрбиеленушісі жоғалып кетіп, екі аптадан кейін табылған еді. 15 жастағы Дамир Серікұлына интернаттағылар қысым көрсеткені белгілі болып, директор қызметінен шеттелген.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз осындай жағдай болғанда ғана назар аудармауымыз қажет. Білім министрлігі өз алдына оқыс оқиғалар орын алмас үшін жүйелі саясатты қалыптастыру міндетін қойды. Өрт сөндіруші сияқты, оқиға болғаннан кейін әрекет етіп, қоя салу тиімсіз. Жүйелі заң бұзуды, қоғамға көрінбей отырған мәселелермен күресіп, жоюмыз керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: