Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда үйіндегі банк бөлімшесінде жатқан күдікті дорбадан жарылғыш затқа ұқсас нәрсе шықты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 23:48 zakon.kz
Нақтырақ айтқанда, онда энергетик сусының бос қалбырының кесілген бөлігі, ток сымдары және пластик кесекке ұқсас минмақта бар.

Алматыдағы сауда орталығындағыларды эвакуациялауға түрткі болған жылтыр дорбаның ішінде не бары белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

11 ақпанда, кешке Назарбаев даңғылындағы "Ramstore ALL IN" сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері күдік тудырған затқа байланысты эвакуацияланды.

Zakon.kz тілшісі жылтыр дорбаның сауда үйі ішінде орналасқан банк филиалының бірінде қалдырылғанын оқиға орнына барып, білді. Оның ішінде жарылғыш құрылғыға ұқсатып, әдейі дүрліктіру үшін түрлі зат тасталыпты, нақтырақ айтқанда, энергетик сусының бос қалбырының кесілген бөлігі, ток сымдары және пластик кесекке ұқсас минмақта бар.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын әлі де тексеріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: