Қостанай облысында кісі сүйектері салынған қап табылды
Қостанай облысында кісі сүйектері бар қап табылды, деп хабарлайды zakon.kz alau.kz басылымына сілтеме жасап.
26 сәуірде Белоглинка ауылының тұрғыны Қарабалық ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының телефонына қоңырау шалып, қора-жайды тазалау кезінде кісі мүрдесінің қалдықтары бар жылтыр қап тапқанын айтты. Болжам бойынша, қаптағы кісі сүйектері 2014 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз кеткен 1982 жылғы жергілікті тұрғынға тиесілі болуы мүмкін.
Қарабалық ауданының полицейлері адам сүйектерінің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі де растады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.