Жаңалықтар тізбегі
0

80 жастағы қарияның ауласынан егілген көкнәр табылды

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 17:55 ТО ПД баспасөз қызметі
Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Түркістан облысы полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген "көкнәр" өсімдігін тапты, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шардара АПБ-не "жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді" деген хабарлама келіп түседі. Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен-жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үйінің ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Нәтижесінде айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды.

Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабымен "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш 4 соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық "Ұйықтататын көкнәр" болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат "кептірілген көкнәр сабаны" екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады.

Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін көрсетті. Бас шарасы "қолхатта". Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы азамат бұрын осы тектес қылмысты жасап, 3-жылға сотты болған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз пайдалансаңыз, сақтасаңыз, сауда шығарсаңыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеді. Сондай-ақ, есірткі құралдарын пайдалану бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға зиян екендігін ұмытпағайсыз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 17:55

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: