Алматы полициясы жерлеу бағасын көтерген зират қызметкерлерін ұстады

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 23:35 polisia.kz
Жерлеу құнына 70-80 мың теңге қосқан.

Полицияға сегіз адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты шағым түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шағымданғандардың айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен.

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың, сондай-ақ, ІІМ басшылығы тапсырмасын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды. Түбіртектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған.

Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретті бастан кешіргендер тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды.

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, содан кейін, әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: