Жаңалықтар тізбегі
0

Өзі 2002 жылғы екен. Талдықорғанда "техникаға жақын" ұры ұсталып қалды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 20:52 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Талдықорған полицейлері қолды болған "Ауди" автокөлігі мен велосипедті иесіне қайтарып, жақсылық жасады.

Бұл бір азаматтың ісі. Ол алдымен ескі " Ауди " маркалы автокөлігін, содан кейін велосипедті қолды қылған. 18 жастағы көлік ұрысы "Ауди" көлігін бөтен үйдің ауласынан айдап әкеткен. Оңтайлы уақыт туғанға дейін ол машинаны адам шоғырланбаған жерде жасырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бөтеннің көлік құралын заңсыз иелену туралы алғашқы хабар 20-шілдеге қараған түні келіп түсті. С. есімді азамат Талдықорған қаласының бір үйінің ауласынан "Ауди-100"маркалы автокөлігінің жасырын түрде ұрланғанын хабарлаған. Хабар бірден тіркеліп, жедел-іздестіру әрекеттері басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті пайдакүнемдік мақсатта тұраққа қойылған көліктің жанын "айналшықтап жүрген", дегенмен ұсталған азамат көшеден машинаның кілтін тауып алып, аулаға кіргенін және оны өз ісінде пайдаланғанын жеткізген. Оның айтқан барлық мәлімдемесі мұқият тексеріледі. Қалай болса да, жеңіл ақша таппақ болған азамат енді жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Талдықорған ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Айдын Аденбаев.

Жедел уәкілдер күдіктінің автокөлікті жасырған жеріне алып келген маршрут сызбасын жасаған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижелері негізінде азамат келесі күні анықталып, ұсталды. Күдікті 2002 жылғы Алматы облысы Ескелді ауданының С. есімді тұрғынының көлік құралын басқаруға құқығы болмаған, яғни жүргізу дағдысы жоқ.

"Айдап әкетілген автокөлік айналасындағы қызу басылды деп ойлаған, ол велосипед ұрлығына барған. Дәлірек айтқанда, жас жігіт иесі азық-түлік дүкенінде қалдырған велосипедті ұрлап әкеткен. Бұдан әрі оған бөтеннің мүлкін қолды қылуға жағдай мүмкіндік бермеді – себебі ол ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды", - деп толықтырды Айдын Аденбаев.

Қолды болған велосипед пен автокөлік заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктінің еш жерде оқымайтындығы және жұмыс істемейтіндігі анықталды. Ол бұрын істі болмағанын жеткізген.Полиция қызметкерлері күдіктіге қатысты осы және өзге де мәліметтерді Талдықорған қаласының Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 200-бабының 1 және 188-бабының 1-бөлігімен басталған сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тексеруде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 20:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 20:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 20:52

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: