Шымкентте салынып жатқан әуежай терминалы отқа оранды
Шымкентте әлі салынып бітпеген әуежай терминалы құрылысы аумағында өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews-қа сілтеме жасап.
Өрт 25 тамыз күні таңертең ғимараттың төбесінен тұтанып, басталған. Ағаш бөренелер өртенген.
Қалалық ТЖД хабарлауынша, жалын 270 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 13 құтқару техникасы және 40 адам жұмылдырылды, сондай-ақ мемлекеттік емес әуежайдың өрт сөндіру қызметінің екі техникасы пайдаланылды. Өрт жарты сағаттан кейін ауыздықталып, тағы 10 минуттан кейін толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебін мамандар анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2020 жылдың қазан айында пайдалануға берілуі керек болатын. Құрылысқа жеке инвестордың 21,5 миллиард теңгесі шыққан.